National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2014 жылғы 26 қараша

 

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар аясында Мемлекет басшысының байрағын салтанатты түрде көтеру және Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі өтеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті сол күні жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысады деп күтілуде.

2 желтоқсанға Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары жоспарланған. Оның аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді.

3 желтоқсанда Елбасы Қазақстан, Түрікменстан және Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен – Берекет – Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады. Бұл теміржол аталған елдердің аумағы арқылы ең қысқа жолмен жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады.

5 желтоқсанда Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді. Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің