National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

2020 жылғы 07 ақпан

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ұлттық әл-ауқат қорының 2019 жылғы жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, қордың негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері артқан. Кіріс көлемі 2018 жылғы 10,1 триллион теңгеден 2019 жылы 10,7 триллион теңгеге артып, таза пайда 2018 жылы 1,1 триллион теңге, ал 2019 жылы 1,2 триллион теңге болды. Қордың активтері 10 пайызға артып, 26,5 триллион теңгеге жетті.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы отандық өндірісті қолдауға, сатып алулар ісіндегі жергілікті  кәсіпорындардың үлесін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар енгізу жөнінде мәлімет берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің