National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен кездесті

2017 жылғы 21 сәуір

Кездесуге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі С.Аслов, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі А.Камилов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Р.Алимов, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Өңірлік антитеррористік құрылымының атқару комитетінің директоры Е.Сысоев, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Н.Онжанов қатысты.

Қазақстан Президенті құттықтау сөзінде ұйымның Астанадағы саммиті қарсаңында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесуі өтуінің маңыздылығын атап өтті.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуші ел ретінде біз биылғы маусым айында өтетін саммитке зор мән беріп отырмыз. Ұйымға біздің төрағалығымыз өңірдегі және әлемдегі қиын үдерістер кезеңімен тұспа-тұс келді, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге тоқталып өтті. Бұл ретте Шанхай ынтымақтастық ұйымының қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасын бекіту жұмыстарын жандандыру, ұйымның экстремизмге қарсы тұру жөніндегі конвенциясына қол қою және осы туралы мәлімдеме мен  ұйымға мүше мемлекеттердің нашақорлыққа қарсы күрес стратегиясын қабылдау мәселелері қамтылды.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызы зор. Алдағы саммиттің күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ретінде Үндістан мен Пәкістанды Шанхай ынтымақтастық ұйымының толыққанды мүшелігіне қабылдау үрдісін аяқтау туралы шешім жөнінде де айтып өткен жөн. Сондай-ақ, келешектегі жоспарларымызды айқындайтын Астана декларациясын қабылдауды көздеп отырмыз, – деді Қазақстан Президенті.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің