Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қыркүйек 2015
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевке 50 жасқа толған мерейтойына орай құттықтау жолдады

 

Елбасы құттықтауында Д.Медведевтің жігерлілігі мен алысты болжай білетіндігін, сондай-ақ Ресейдің қарқынды дамуы мен әлемдік қоғамдастықтағы биік беделін атап өткен.

«Біздің арамызда қалыптасқан деңгейі биік сенім мен өзара түсіністік алдағы уақытта да елдеріміздің серіктестік рухы мен одақтастығын нығайтуға қызмет ете беретініне сенімдімін», – делінген құттықтауда.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметі төрағасына мықты денсаулық, бақыт және игілік тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар