National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары мен қызметкерлерінен хат келді

2012 жылғы 14 қараша

 

Хат иелері биылғы қазан айында университеттің 118 оқытушысы мен қызметкеріне Алматы қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер кілттері салтанатты жағдайда тапсырылғанын хабарлайды.

Сондай-ақ хатта бұл оқиға Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты мен әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асқаны атап өтіледі.

«Университет қызметкерлерінің аса маңызды тұрғын үй мәселесін шешудегі өлшеусіз көмегіңіз бен қамқорлығыңыз үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мыңдаған адамдық ұжымының шын жүректен шыққан алғысын қабыл алыңыз» делінген хатта.

Авторлар 2006 жылы басталған көп пәтерлі үйдің құрылысы дағдарыс салдарынан тоқтап, нысандар тұрып қалғанын атап өткен. Мемлекет басшысының тікелей араласуымен, оның үлескерлер құқығын қорғау және мерзімі жеткен тұрғын үй мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасы бойынша көп жылғы құрылыс аяқталды.

«Сіздің қолдауыңыз 118 отбасыға өздерін бақытты сезініп, мемлекетімізде олар ешқашан өз мәселелерімен бетпе-бет қалып қоймай, өмірлерінде жаңа көкжиектерді көретініне сенім ұялатты. Сіз біздің қызметкерлерді ғылымда, студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыра түстіңіз» деп жазады хат иелері.

Олар хат соңында Қазақстан Президентіне университетке көрсеткен сенімі мен ерекше қарым-қатынасы үшін алғыс айтып, білім және ғылым саласындағы мәселелерді шешу үшін өздерінің барлық күш-жігерлерін, білімдері мен тәжірибелерін жұмсауға уәде берді.                   


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің