National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты

2018 жылғы 08 қараша

Жиынға Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Н.Пашинян және осы ұйымның Бас хатшысы міндетін атқарушы В.Семериков қатысты.

Кеңес мүшелері халықаралық және өңірлік қауіпсіздік проблемаларын, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттердің осы ұйым аясындағы және халықаралық аренадағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелеріне сессияға қатысқаны үшін ризашылық білдіріп, жұмыс тәртібі жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев отырыста Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына 2018 жылғы төрағалығы қорытындыланып, оған мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясында өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөнінде пікір алмасатын болады.

Сессияда Қырғызстанның келесі сессияаралық кезеңдегі төрағалығының басымдықтары да сөз болады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің