Жаңалықтар

26 сәуір 2019
Қазақстан Президенті Семейдегі Жедел медициналық жәрдем ауруханасына барды
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Мемлекет басшысына өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің даму барысы жөнінде мәлімет беріліп, облыстың осы салада жеткен жетістіктері туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті «100 мектеп – 100 аурухана» бағдарламасы аясында салынған көп салалы аурухананың жұмысымен танысты. Қасым-Жомарт Тоқаевқа медициналық мекеменің емдеу-сауықтыру, ота жасау бөлмелері көрсетіліп, негізгі қызмет бағыты жөнінде мәлімет берілді.

Жалпы аумағы 44,5 мың шаршы метр болатын ауруханада 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Бір уақытта 345 науқасты қабылдап, алғашқы медициналық қызмет көрсете алады.

Қазақстан Президенті Жедел медициналық жәрдем ауруханасының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында өңірде мамандандырылған жоғары технологиялық медициналық мекемелердің, республикалық ғылыми орталықтардың бөлімшелерін ашу жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Денсаулық сақтау саласын толықтай цифрландырудың маңыздылығына тоқталды.

Соңында Қазақстан Президенті медициналық мекеме ұжымына табыс тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары