Жаңалықтар

14 ақпан 2015
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті

 

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеуге байланысты өткен Минск кездесуінің қорытындыларын талқылады.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үдерісін ілгерілетуге қосқан жеке қомақты үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтқан Украина Президенті осы бағытта одан әрі қарай күш-жігер жұмсай беруін өтінді.  

П.Порошенко Украина жағы оқ атуды белгіленген уақытта тоқтататынына сендіре отырып, екінші жақтың да осылай әрекет етуі қажет екендігіне назар аударды.

Қазақстан Президенті қақтығысып жатқан тараптар Минск келісімінде қабылданған кешенді шаралардың мүлтіксіз орындалуын  қамтамасыз еткені маңызды екенін айтты. Бүкіл әлем осыны күтіп отыр.

Телефон арқылы сөйлесуге Украина жағы бастамашы болды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары