National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2018 жылғы 15 наурыз

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Германия Федеративтік Республикасының Канцлері лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Өткен парламенттік сайлаудағы жеңісіңіз – Германия азаматтарының Сізге, сондай-ақ Германия Федеративтік Республикасының Еуропадағы және әлемдегі беделін нығайтуға, еліңіздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға бағытталған саясатыңызға деген сенімінің дәлелі.

Сіздің басшылығыңызбен Германияның жаңа Федералдық үкіметі Қазақстан мен Германия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыта түседі деп сенемін.

Сізге осы жауапты қызметте табыс тілеймін, сондай-ақ барша Германия халқының өсіп-өркендеуіне ниеттестік білдіремін», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің